Жаңалықтар

Балабақшаның бір күні

Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, балабақшада әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Балабақша баланы, ең алдымен, жауапкершілікке, тәртіпке үйретеді.
№7 «Жұлдыз» балабақшасында «Балабақшада» деген атпен ашық есік күні өтті. Қонақтарды балабақша директоры Зәмзәгүл Серікқызы, әдіскер Нұргүл Боранбайқызы жылы лебізбен қарсы алып, пікірлесті.
Балабақша фойесінде ата-аналардың қолдарынан шыққан қабырға газеттері, отбасымен бірлесіп жасаған жұмыстары ілінді. Таңертеңнен келген ата-аналар балабақшаның күн тәртібін, оның ішінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін, серуенді, ойындарды, мамандармен кездесулерді көзбен көрді. Сонымен қатар, ата-аналар балалармен бірге ойнап, қуаныштарын бөлісті. Әр топ ата-аналары өз пікір-ұсыныстарын қалдырды. Сондай-ақ, ата-аналар балабақшада «Рухани жанғыру» аясында жүргізіліп жатқан тақырыптық жұмыстармен таныстырылды. Ерекше атап өтсек, балабақша бүлдіршіндерді болашақта ата-дәстүрін сақтайтын инабатты да ибалы, үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбиеге аса мән беруде және өзге ұлт балалары мемлекеттік тілді жақсы меңгере білген.
Осындай іс-шараларды ұйымдастыруға педагогтарымыздың да қосқан үлесі аз емес. Айтар болсақ, Майдагүл Тілеубекова, Рауан Тұтқышева, музыка жетекшісі Зульфия Винеровна, Айым Болатқызы, ағылшын тілі мұғалімі Перизат Белгібаеваның еңбегі зор.
Шара соңында балабақша әкім¬шілігі іс-шараға қатысқан ата-аналарға ризашылығын білдірді. Ата-аналар бүлдіршіндердің дайындаған қойлымын тамашалап, ризашылықпен тарқасты.
«Жұлдыз» балабақшасының ұж¬ы¬мына осындай іс-шаралар ұйым¬дастырғанына алғыс білдіреміз, табыс тілейміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрқашан бала тәрбиесіне қолдау корсету – ата-ананың жауапкершілігі деп ойлаймыз.

№7 «Жұлдыз» балабақшасы тәрбиеленушілерінің ата-аналары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button