Бала тәрбиесі – баршаға ортақ

    Қарағанды қаласының Октябрь ауданына қарасты 18-ші ықшамауданындағы толық мемлекеттік тілде жұмыс жасап тұрған «Қарлығаш» балабақшасындағы күз мерекесінде табиғатты қорғау, жемістер мен көкөністерді ажырата білу, оның сұлулығын тамашалау шаралары балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету мақсатында балабақшада Алтын күз ертеңгіліктері өтті. Осы тақырыпта «Арғымақ» тобында «Аяулы күз – алтын күз» атты өткен ертеңгілік көңілді марқайтты. Балалар күздің қыр-сырын өздерінің жаттаған тақпақтары және ойындар ойнау арқылы білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.

   Жалпы, ата-ана, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы ізеттілігі, еңбексүйгіштігі – отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің негізі. Бала жанының қалыптасуы дұрыс жүргізілген тәрбие жұмыстарына байланысты. Баланың ілтипатты, әдепті, кішіпейілді, көпшіл болып өсуі әуелі ата-анасының үлгісіне, өнегесіне байланысты. Баланы жан-жақты тәрбиелеуде отбасы мен балабақшаның, тәрбиеші мен ата-ананың байланысын нығайту арқылы біз қоғам талабына сай ұрпақ қалыптастыра аламыз. Бұл міндетті орындау тек балабақшаның емес, отбасы мүшелерінің игі ісі. Бұл ретте №3 «Арғымақ» ересектер тобының тәрбиешілері әр баланың үйдегі және бақшадағы іс-әрекетін салыстырып, талдау жасап отырады.

Қамар МҰХТАРОВА,

«Қарлығаш» балабақшасының

І санатты тәрбиешісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.