АймақБалқаш

Балқашта жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде екі баланы қағып кетті

Балқашта 11 және 12 жастағы балаларды көлік қағып кетті. Қарағанды облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше  оларды қағып кеткен жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.  

Сурет пен видео: еріктілерден

Оқиға  Қадыржанов пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында болған.  Lexus RX 300 көлігінің 26 жастағы жүргізушісі жол қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп,  жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан екі баланы қағып кеткен. 11 және 12 жастағы зардап шеккендер Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Екеуіне де миы шайқалған және жеңіл ми жарақаты диагнозы қойылған. Қосымша сараптама жүргізілуде.

– Факті полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button