АймақБалқаш

Балқашта электр энергиясы тарифтерін көтеруге қатысты қоғамдық тыңдаулар өтеді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті Балқаш қаласындағы «Казэнергоцентр» ЖШС-нің электр энергиясы тарифін көтеру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Сурет: Балқаш қаласы әкімдігінен

Шарада «Казэнергоцентр» ЖШС-нің Балқаш қаласындағы электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтерінің шекті бағасын көтеру туралы мәліметтер қаралады. Қоғамдық тыңдау М. Хамзин атындағы мәдениет сарайында ( «Рухани жаңғыру» жастар орталығында) 16 ақпан күні сағат 17.00-ге жоспарланып отыр. Шараға барлығы қатыса алады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button