Бас тақырып

Балқашта екі жастағы бала терезеден құлап кетті

Күні кеше Балқаш қаласында екі жастағы бала терезеден құлап кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы үш күнде осындай екі оқиға тіркелген.

Сурет azattyq-ruhy.kz

Аталған оқиға Мұхамеджанов көшесінде орын алған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр.

Одан бөлек, 7 маусым күні дәл осындай оқиға Қарағандыда да тіркелген. 11А ықшамауданындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесінен үш жастағы бала құлап кеткен. Деректерге сүйенсек, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Қазіргі уақытта бала ауруханада.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button