АймақБас тақырып

Балқашта бірнеше мекенжайда жылу жүйесі уақытша өшірілді

Балқашта диаметрі 159 мм болатын құбырдың зақымдануына байланысты бірнеше мекенжайда ыстық су және жылу уақытша өшірілді.

Сурет сайт мұрағатынан

Атап айтсақ, Пушкин және Руханият көшесі бойынша №1 үйден бастап №19 үйлерге дейін және «ФОК» спорт кешенінде ыстық су мен жылу өшірілді. Жөндеу жұмыстарына байланысты Амангелді-Қазбеков, Амангелді-Қараменді би көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылған.

Сонымен қатар, Шашубай №14 мекен жайы бойындағы диаметрі 89 мм құбырдан да ақау шыққан.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button