Руханият

Бабалар ерлігін жырға қосты

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Ұлт тарихындағы Ағыбай батырдың тарихи және әдеби тұлғасы» атты университетішілік ғылыми жоба аясында қазақ әдебиеті кафедрасы мен М.Жұмабаев атындағы гимназия бірлесіп, Ақжолтай Ағыбай батыр мен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған студенттер мен орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «Алаш ардақтылары» мүшәйрасын өткізді.

Мүшәйраға Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Абай, Балқаш, Қарағанды қалаларынан мектеп оқушылары және Қарағанды қаласындағы жоғары оқу орындарынан, колледждерден, Павлодар қаласынан студенттер қатысып, бақ сынасты.

Жас дарындар аты ұранға айналған Ақжолтай Ағыбай батыр мен Алаш жастарына сенген Мағжан Жұмабаев есімін жырларына арқау етті.

Студенттер арасында I орын Нұрдәулет Марат (40 мың), II орын Мерей Өміртай (20 мың) мен Алтынай Тілеубергенова, III орын Ажар Оралбай (10 мың), Бақытжан Берікбол, Әділқазы Тынышбайға бұйырды.

Оқушылар арасында I орынды Сабина Нұрбек (30 мың), II орын Еркежан Қаныш (15 мың) мен Аружан Бакирова, III орынды Аяулым Назымхихмат, Сабина Мұстафин, Махамбет Ескендір жеңіп алды.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, жыр додасында жүлделі орын алған студенттер мен оқушыларға арнайы ақшалай сыйлық, мақтау қағаздары мен Алғыс хаттар табысталды.

Байқауда жас ерекшелігіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер жеке-жеке марапатталды.

Жәлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button