Руханият

Баба даңқы қара өлеңмен асқақтап…

Қамбар ата ұрпақтары Қарқаралы ауданының Еңбек ауылында бабаларына арнап ас берді. Ас аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Әсіресе, бабаның даңқын ақындар жырымен асқақтатты. Ас иелері шайырлар арасында жыр додасын өткізді.

Сурет ұйымдастырушылардан

Мүшәйрада жас шектеуі болған жоқ. Шайырлар үш тақырыпта өлең жазды. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтеріліс­тері тарихында ХХ ғасырдағы ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған Абыралы көтерілісіне, Қамбар руынан шыққан Жанақ ақын, Жапалақ, Сартынбай бастаған отыздан астам батырға өлең арнады. Сонымен қатар, еркін тақырыпта бір өлең ұсынылды.

Мүшәйраның қорытындысы бойынша ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Асқар бас жүлдені алды. Оған 500 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлық табысталды. I орын ақын Саят Тұяқбайдың қанжығасында. I орынның қаламақысы – 300 мың теңге. Ал, II орын ақын Руслан Нұрбайда. Шайырға 200 мың теңге берілді. Мақсат Күземхан мен Қайрат Иманбекке III орын бұйырды. Қос шайырға 100 мың теңгеден үлестірілді. Жанақ ақын атындағы арнайы сыйлық – Балқаштан келген Нұрдос Кәрімнің қоржынында. Сонымен қатар, баба ұрпақтары жас ақындарға тай мінгізді.

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Абзал Бөкен мен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ілияс Мұқай мүшәйрада қазылық етті.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button