Жаңалықтар

Бақуатты болашақ

Мемлекет басшысының биылғы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында экономикалық және әлеуметтік салалармен қатар, технологиялық саланың дамуы айрықша айтылды. Маңызды құжаттағы негізгі он міндет аясында өндіріс үдерістерін сандық негізге көшіру арқылы индустрияландыруды өрістету, білім беруді жаңа сипатта дамыту, қаржы секторын қайта қалыптастыру, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және тиімді мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруды тапсырды.

Төртінші өнеркәсіптік революцияны іске асыру үшін бүкіл қоғам жаңа сапалық дамуы қажет. Он бағыттың жетінші бағыты – Адам капиталын жаңғырту мәселелері. Менің ойымша, Елбасының тапсырмалары, жалпы еліміздің дамуы сапалы адам капиталынсыз болмайды. Себебі, өнеркәсіптік, технологиялық, жаңа жұмыс орындық еңбек процесінің өзгерістерін, жаңалықтарын, жобалардың бәрін жасайтын – білімді адам. Жаңа сапалы білімге бейімделу міндеті тұр алдымызда. Ол үшін білім беру саласын жаңғырту, ұстаздарды әлеуметтік қолдау, мұғалім мәртебесін арттыру, жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу кешенді түрде қолға алынуда.

«Біз бүгін әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз» – деп Ел Президенті нық сенімін білдіріп, халықты ауызбіршілікті жұмыла жұмыс атқаруға шақырды. Елбасының айтқан он тапсырмасы әр қазақстандық үшін маңызды. Өйткені, оның барлығы сіз бен біздің бүгінгі хал-жағдайымыздың артып, болашағымыздың жарқын болуына бағытталған.

Алтынай ЕРМАҒАМБЕТОВА,

2 орта мектеп мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button