Бас тақырыпЖаңалықтар

Бақты орман шаруашылығынан өрт шықты

Қарқаралы ауданы Бақты орман шаруашылығының ашық аумағында құрғақ шөп пен тоғай өртенді.

Сурет: nur.kz

– Қазіргі уақытта 3 әуе кемесімен 6 су төгу жұмысы іске асырылды. Өртті жоюға жеке құрамның 157 адамы, 26 техника, бір пилотсыз ұшу аппараты, су төгетін құрылғылары бар Қазавиақұтқару 3 әуе кемесі, бір Қазавиақорғау тікұшағы, Бақты  орман шаруашылығы қызметкерлері, Қазавиақорғау десантшылары және ауылдық аймақтардың ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмылдырылды”, – делінген төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар төтеншеліктер өртті сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын, елді мекендерге қауіп жоқ екенін да атап өтті.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button