Бұқпа өзенін тазарту жұмыстары басталады
Қарағандыда үлкен Бұқпа өзенін тазарту жұмыстары басталады. Жоба өткен 2023 жылы әзірленіп, 2025 жылға дейін іске асырылатын болады. Бұл туралы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мәлімдеді.
Мұндай жобаның қажеттілігі туралы шешім 2021 жылы шығып, кейін өзенді ашу және тазарту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Аталмыш жобада арнаны шөгінділерден, қоқыстардан және бұталардан тазарту жұмыстары ғана емес, сонымен қатар түбін тереңдету де қарастырылған. Жерасты коллекторы бойынша жөндеу және тексеру жұмыстары жоспарланған. Бұдан басқа өзен арнасын бетонмен нығайту жүргізілетін болады. Тазартылған су өз кезегінде Қарағанды орталық саябағының көліне құйылады деп жоспарлануда. Жобаны “Гидроқұрылыс” ЖШС мердігерлік ұйымы іске асыратын болады. Іске асыру бірнеше жылға, атап айтқанда 2023-2025 жылдарға арналған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ