Жаңалықтар

Бүлдіршіндер қуанышқа бөленді

                   Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ҚарМТУ жанынан құрылған «Ақниет» қайырымдылық қорының бастамасымен көп балалы, әлеуметтік жағдайлары төмен, асыраушысынан айырылған отбасы  балаларына мерекелік сый-сияпаттар жасалды.

Аталған шараға «ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжі» ұстаздары мен студенттері белсене ат салысып, қолдарынан келген көмегін аямаған еді. Әрине, мұндай қайырымдылық шарасының ұйымдастырылатыны туралы алдын-ала хабардар да болған едік. Балалар Аяз Атаға хат жолдап, өздеріне не қажет екендігін жазған. Сол хат негізінде колледж директоры Нұрбибі Смағұлова бастаған білім ордасының ұжымы балаларға сый-сияпат алып, Аяз Ата мен Ақшақар болып киінген азаматтар бес бірдей отбасының үйін аралады. Кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етіп, келешек ұрпақтың алғысына бөленді. Өз кезегінде кішкентай ғана Әнел есімді қыз «Енді анамды ренжітпеймін, тыңдап жүремін» деп лебіз білдіріп, ұйымдастырушыларға зор алғысын жеткізді.

Айзада РАХЫМЖАНОВА,

ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжі

директорының орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button