Бас тақырыпЖаңалықтар

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы: нөсер жауын, жел, тұман

“Қазгидромет” синоптиктері 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды ortalyq.kz.

Сурет: tolqyn.kz

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде қар аралас жаңбыр күтіледі.

Қазақстанның орталығында және күндіз солтүстігінде нөсер жауын жауады деп болжанып отыр. Тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде найзағай ойнайды, оңтүстікте бұрқасын болады.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button