Қарағанды

Бүгінгі дарын – ертеңгі елдің тірегі

Дарынды және талантты балаларды оқыту қашанда өзекті. Бүгінде мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу жолында елеулі үлес қосып келеді. Жоспарға сай, Қарағанды қаласының №4 ЖББОМ-де алға қойған мақсаттар жүзеге асуда. Мектеп әкімшілігінің басшылығы және мұғалімдер мен ата-аналардың тығыз байланысы өз жемісін беруде. Ұстаздардың шеберлігінің көрсеткіші оқушылардың республикалық пәндер олимпиадасында жарқын көрініс тапты. Шәкірттеріміз 4 бірдей жүлделі орынды иеленіп, жалпы білім беретін мектептердің арасында «Ең үздік олимпиадалық команда» атағымен 3-дәрежелі дипломды иемденді.

Айта кету керек, жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар Қазақстан Республикасында соңғы жылдары өтіп жатқан мұғалімдердің шеберлігін арттыратын орталықтарда деңгейлік курстарды әртүрлі деңгейлерде тәмамдаған сертификат иегерлері. Олар: жоғарғы санаттағы тарих пәнінің мұғалімі А.Еркебаев, шәкірті 9«А» сынып оқушысы Б.Бауыржанова (1орын), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Шүкірхан, шәкірті 8«А» сынып оқушысы Д.Абрасилова (1 орын), орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Сағиева, шәкірті 8 сынып оқушысы К.Исенгельдинова (3 орын), география пәнінің мұғалімі Д.Әлжанова, 9 сынып оқушысы С.Мұхтаров (3 орын) тұғырынан көрінді.

Мектебіміздің ұстаздар қауымы 2012 жылдан бастап елімізде мұғалімдердің білімдерін арттыру орталықтарында ұйымдастырылған Назарбаев зияткерлік мектебі және Кембридж университетінің білім беру факультетінің бірлесуімен енгізілген бағдарламаға сәйкес оқуды аяқтап, тәжірибелерімен бөлісіп келеді.

Алуа САҒИЕВА,

Дариға ӘЛЖАНОВА, №4 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button