Бас тақырып
Бүгін «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді
Бүгін, 22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Биыл «Жер сағаты» экологиялық іс-шарасы «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылады.

Шара аясында бір сағатта миллиондаған адам жарықты және электр құрылғыларын өшіру арқылы табиғатқа жанашырлық көрсетеді. Акция азаматтарды планетамыздың болашағына қамқорлық белгісі ретінде бір сағатқа электр жарығы мен тұрмыстық электр құрылғыларынан бас тартуға шақырады. Осы күні миллиондаған адам 1 сағатқа жарық пен электр қондырғыларын сөндіреді. Сәулет ескерткіштері жарықтан ажыратылады.
«Жер сағаты» акциясы жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде өтеді. Оған 180-нен астам ел қатысады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА