Бүгін Олимпиада чемпионының мерейтойы
Бүгін бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, даңқты жерлесіміз Серік Сәпиевтің туған күні. Мерейтой иесін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің «Facebook» парақшасында құттықтап, жазба қалдырды.
– Бүгін аты аңызға айналған спортшы, жерлесіміз Серік Сәпиевтің мерейтойы. Ол біздің облыстың жас боксшылары үшін үлгі болып, Қазақстан спортының дамуына елеулі үлес қоса білді. Чемпионымызға зор денсаулық және табыс тілеймін, – деп жазды аймақ басшысы.
Қарағандылық боксшы 1983 жылы Абай қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген.
Олимпиада чемпионы, Халықаралық спорт шебері, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, «Парасат» орденінің кавалері (2008 жыл), «Отан» орденінің иегері (2012).
Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz