Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сырт алаңда сегізінші ойынын Финляндияға қарсы өткізеді.

Кездесуде босниялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.
Бас төреші – Ирфан Пельто, оған Сенад Ибрисимбегович пен Давор Бельжо көмекшілік жасайды. Төртінші төреші – Милош Гигович.
Жеті турдан кейін H тобында 16 ұпаймен Словения мен Дания көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы Финляндия мен Қазақстанның 12 ұпайы бар.
Финляндия мен Қазақстан кездесуі 17 қазанда елорда уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz