Жаңалықтар

Бұқардың тойы – бұқара тойы

    2018 жылы Қарағанды облысының жұртшылығы атақты ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын атап өтеді. Мерейтойлық шараларға дайындық қазірден басталып кетті. Бұқар жырау ауданының әкімдігінде ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтті.

Аудан әкімі Шагурашид Мамалинов жүргізген отырысқа аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Төкен Арбабаев, білім ардагері Ғалымтай Бақтияров, аудан әкімінің орынбасарлары және ұйымдастыру комитетінің мүшелері қатысты.

Мерекелік шараларды 2018 жылдың тамызында өткізу ұсынылып отыр. Өтетін орын әлі белгіленбеген – аудан жұртшылығы бұл мәселені әлі талқылау үстінде. Нақты шешімді жергілікті ақсақалдардың пікіріне сүйене отырып жасау көзделіп отыр.

Мерейтойға орай Бұқар жырау энциклопедиясын қайта басып шығару, республикалық айтыс, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру, телебағдарламалар циклін жасау жоспарланып отыр. Отырыс барысында бүгінгі таңда Бұқар жырау туралы бірде-бір пъеса мен фильм жоқ екені атап айтылды.

Ұйымдастыру комитетінің өкілдері тек мерейтойлық шаралар туралы ғана емес, сонымен қатар ауданның елді мекендерін абаттандыру қажеттілігін де талқылады. Ардагерлер ұйымының басшысы Төкен Арбабаев Үлгі ауылындағы Қаныш Сәтбаев атындағы саябақты жөндеуді ұсынды.

Аудан әкімі Шагурашид Мамалинов Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойын өткізуге арналған Қоғамдық қор құрылатыны туралы мәлімдеді. Оның төрағасы Төкен Арбабаев болады.

Ниет білдірушілер ортақ қазанға өз үлестерін қоса алады.

Есеп шот нөмірі:

№ KZ 38563К350000076207

БИН 171040031878

«Бұқар жырау Қалқаманұлы» Қоғамдық қоры.

Бұқар жырау Қалқаманұлы – қазақтың ақыны, жырау, қазақтық ауыз әдебиетінің жарқын өкілі. Ол 1668 жылы (кей мәліметтер бойынша 1684 жылы немесе 1693 жылы деп белгіленеді) табиғаты көз тартарлық жерде Сүхар-Ния, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әйгілі қайраткер 113 жыл жасап, 1781 жылы дүниеден өткен.

Ғалым-фольклоршы Жүсіп Көпеевтің мәліметтеріне сүйенер болсақ, ойшыл қайраткер арғын елінің тумасы. Әкесі батыр болған.

Бұқар жырау әнші және Абылай ханның кеңесшісі ретінде танымал. Қазыбек би, Төле би және Әйтеке бимен бірге Бұқар жырау Қазақстан тарихындағы алғашқы заң жинағы «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан. Бұл заңнамалық құжат 1710 жылы қазақтың үш жүзімен  Қарақұм съезінде құпталған болатын.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button