Қарағанды
Бұқаралық спортқа – бірегей бетбұрыс
Жалпы білім беретін мектептер оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар мен қалалық спорт ардагерлері арасында Еңбек күніне арналған «Алтын күз» дәстүрлі жеңіл атлетикалық кросс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс екі қашықтықтан тұрды: жастар мен ерлер үшін – 1000 метр, қыздар мен әйелдер үшін 500 метр қашықтықта.
Жеңімпаз командалар кубоктармен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жекелей қашықтықтарда үздік өнер көрсеткен қатысушыларға да құрмет көрсетілді.
Диана САПАРҚЫЗЫ,
Қарағанды қаласы әкімінің
баспасөз хатшысы.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.