Жаңалықтар

Қазыналы Қарағанды

            Кеншілер астанасының қала статусын алғанына – 84 жыл. 

Абыз қаланың аңызға айналған тарихы қатпар-қатпар. Кешегісі – кемел, келешегі – зор. Өңірдің бүгінгі бақуатты тыныс-тіршілігі ойымызды қуаттайды.

Иә, еліміздің индустриялық жүрегі күн санап көркіне көрік қосып келеді. Қазіргі күні қаланың 501 мыңнан астам халқы бар. Олардың негізгі дені тау-кен, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс индустриясы және фармацевтикалық қызмет сияқты салаларда еңбек етеді.

Шаһарда білім беру саласының 130 нысаны жұмыс істейді. Негізі, Қарағанды – ұлағатты ұстаздардың ұясы. Білім-ғылым қуған шәкірттері үнемі биіктерден көрінеді. Жаңа технологиялардың жаршысы да – қазыналы Қарағанды.

Елдегі денсаулық сақтау саласын сөз етсек те, Қарағанды медицинасы көш ілгері жүреді. Арқада ақжелеңді абзал жандар салған дәстүрдің сабақтастығы үзілмек емес. Қарағандының 39 денсаулық сақтау мекемесіндегі білікті мамандар – өз ісінің нағыз кәсіби шеберлері.

Қарағанды мәдени өмірімен де Жер-жаһанға мәшһүр. Қала төрінде республика көлеміндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі мәдени шаралардың шымылдығы жиі түріледі. Игі істердің басы-қасындағы қарағандылық руханият жанашырлары мен қаладағы 66 мәдениет ошағы ұжымдарының еңбегі ұшан-теңіз.

Кемелденген қаламыз саңлақ спортшыларымен даңқты!

Туған күніңмен, сүйікті қаламыз!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button