АймақТеміртау

Азия чемпионын қабылдады

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов Харбинде өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы,биатлоншы Владислав Киреевті қабылдады.

Владислав бұл спорт түрімен жаттықтырушысы Раис Хайрутдиновтің жетекшілігімен бұған дейін де көптеген жетістіктерге қол жеткізген.Ол Ашық Азия чемпионатында абсолютті чемпион атанып,бірнеше рет халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып,2019 жылы Әлем чемпионатында 4-орынды иеленген.2022 жылы 24-ші Қысқы олимпиадалық ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсеткен.Ал осы жолғы Азия құрлығының дүбірлі додасында 10 шақырымдық жеке жарыста алтын және эстафеталық төрттік құрамда күміс медаль алып,елге олжалы оралды.


Қала әкімінің қабылдауында болған оның болашағы зор.Ғалым Әшімов те теміртаулық жас спортшыға алдағы сындарда жеңіс тілеп,Киреев пен оның жаттықтырушысына ақша сертификаттарын тапсырды.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button