Спорт

Азия чемпионатынан ел қоржынына 20 медаль түсті

Тайланд астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Біріншілік қорытындысы бойынша қазақстандықтар 20 медаль (5 алтын, 3 күміс, 12 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте ІІ орын иеленді. 

Суреть: bassport.kz

Жарыстың соңғы күні ерлер арасындағы финалдық бәсекелер өтті. Бұл сынға алты бірдей жерлесіміз жоллдама алған еді. Араларынан ең жеңіл салмақтағы Санжар Ташкенбай, бұған қоса, 54 және 57 келіде ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Алтынбек пен Махмуд Сабырхан қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды. Орта салмақтарда жұдырықтасқан Абзал Серік, Сабыржан Аққалықов және Диас Молжігітов чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Ал, қыздар арасындағы бәсекеде өтті . Ұлттық құрама спортшылары 2 алтын және 7 қола жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте Өзбекстан боксшылары 21 медальмен (14 алтын, 4 күміс, 3 қола) көш бастады. Үздік үштікті Таиланд құрамасы (3 алтын, 4 күміс, 2 қола) түйіндеді.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button