Бас тақырып
Қазгидромет: «Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады»
Қазгидромет еліміз бойынша 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, қараша айының соңында тұрақсыз ауа райы күтіледі деп мәлімдеді.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты болжанған.
Аптаның ортасында республика батысының оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді. Ал, айдың соңында елдің басым бөлігінде, яғни, Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарда да нөсер жауын-шашын болжанады.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.