Бас тақырыпЖаңалықтар
20 қарашаға арналған ауа райы болжамы: тұман, көктайғақ, жел
“Қазгидромет” РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылдың 20 қарашасында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау жариялады,– деп хабарлайды ortalyq.kz.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болмақ. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.