Руханият

Қаздрамтеатр музыкалық-поэзиялық кешке шақырады

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театры Халықаралық әйелдер күніне орай «Нәзік сәуле шуағында» атты музыкалық-поэтикалық кеш дайындады. Көрермендерді 8 наурыз күні сағат 17:00-де күтеді. Жиналған қауым алдында театрдың халық-симфониялық оркестрі тұңғыш рет өнер көрсетеді.

Концерт оркестрдің орындауындағы «Ана туралы жыр» музыкалық шығармасымен ашылады. Бұдан әрі театр хоры Қасым Аманжоловтың «Ақ сәулем» әнін ұсынады. Кеште Құрманғазының «Балбырауын», Қазанғаптың «Ақжелең», Дайдидау «Фантазия» (соло қыл қобыз), К. Гардель – «Танго» (соло скрипка) және Led zeppelin – Kashmir (соло, дуэт скрипка) шығармалары және басқа да туындылар шырқалады.

Театр актерлері оркестрдің сүйемелдеуімен ән айтады, сонымен қатар өлеңдер мен монологтар оқиды. Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрының актерлері әріптестерімен бірге өнер көрсетіп, А. Н. Островскийдің «Бальзаминовтың үйленуі» шығармасынан үзінді көрсетеді.

Билеттерді театр кассаларынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Анықтама телефоны: 41-39-89.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button