Қазбек қос медаль алды
Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің директоры болып істейтін шешен жігіті Қазбек Талашев күні кеше ғана өзінің ердің жасы 50-ге толған мерейтойында қос бірдей медаль алып, кеудесіне қадады.
Оның бірі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясының төрағасы С.Дәулетәлиевтің қолы қойылып, берілген “Еңбек озаты” медалі болса, екіншісі облыстық “Вайнах” шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы У.Джандаев марапаттаған “Шешен және ингуш халықтарының Қазақстанда тұрғандарына – 80 жыл” естелік медалі.
Бұл марапаттар Қазбекке жайдан жай беріле салған жоқ. Себебі,осы жерде туып, жасынан қазақ арасында өскен ол қазақша еркін сөйлеп, әндерімізді әуелетіп жүрген және Бұқар бабамыз атын алған ауданның мәдениетін дамытып, өркендетуге үлес қосқан оның еңбегі көп. Екіншіден, биыл Қазақстанға күштеп жер аударылған бауырластарының да мерейтой иесіне құрмет көрсетіп жатқандары да жан сүйсінтеді. Және де оның марқұм нағашы атасы да сол қуғын-сүргін жылдарында осында ауып келіп, тұрақтап қалған көрінеді.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан.