Қарағанды

Азат елдің жастары

Отанымызды азат ету жолында мыңдаған ғасырлар бойы ата-бабаларымыз парасаттылық пен нар тәуекелділіктің асқан жемісін көрсетті. Арамзалықпен қиылған тағдырлар, қаза болған тұғырлы тұлғалардың дара жолдағы қайталанбас ерліктері ойымызға келсе, көзімізге жас келеді.

Осының бәрі – біздің алып ордамыздан сыр шертетін шаһарымыздың алғашқы кірпіш тасының қалануынан, жаудан азат етуге дейін, қайсарлы рух пен мұқалмас қажырды бойына жиған өр мінезді батырларымыздың ерен еңбегі.

Қаһарман тұлғалар тұсында қазақ халқы үстемдікпен күресіп, отаршылдық саясатына қарсы тұру бағытында, үміт пен қолдауды зиялыларымыздан іздеп, қанды майданда тек жеңіске жету желеуімен жұдырықтай жұмылған еді. Олардың есімдері халықтың тарихи санасынан өшпейді.

Қазіргі таңда сансыз ерлігімен еліне танылған қантөгіс майданда жауына сес көрсете білген батырлардың ерлігі, қаламгерлердің қаламынан шыққан түпкілікті ойлары бәрі-бәрі ақталуда.

Биыл қазақ мемлекетінің тәуелсіздік туын тігіп, азат, әлемдік деңгейдегі дамушы ел атанғанына жиырма бес жыл. Бұл барша халқымыз үшін айтулы әрі ұлы мереке. Азаттық аспаны астында бірлігі мен татулығы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Енді бәріміздің Отан алдындағы ортақ парызымыз – еліміздің тәуелсіздік нышаны мен өлмес бейнесіне айналған қаһарлы батырлар қайратын ойдан шығармай, Отанға деген ыстық лебіз бен нәзік ықыласты бәрінен биік ұстау.

Аяжан КЕНЖЕБАЙ,

М.Жұмабаев атындағы №39 мектептің 11 сынып оқушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button