Жаңалықтар

Азаматтың асқары

    Жуырда Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Шаймерден ОРАЗАЛИНОВТІ 75 жасқа толуымен құттықтап, құрмет көрсетті. Мерейлі жас иесі Қарағандыны басқарған жылдары шаһардың көркеюіне өлшеусіз үлес қосқанын ел жақсы біледі.

Тау-кен өнеркәсібінің маманы, тәжірибелі басшы, Парламент Мәжілісі екі шақырылымының депутаты болған Шаймерден Әбілмәжінұлын мерейтойымен құттықтаушылар қатарында өзінің замандастары, достары, кезінде бірге қызмет атқарған әріптестері де болды.

90-шы жылдары халқымыз қиын-қыстау кезеңді бастан өткерді. Сол жылдары Шаймерден Оразалинов Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарған болатын. Қала басшысы шаһар тұрғындарының қамы үшін адал еңбек еткенін барлық қызметтес достары ерекше атап өтіп, ерен еңбегіне алғыстарын жаудырды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрлан Әубәкіров басшылық қызметтің қаншалықты жауапты іс екендігін және бұл міндетті Шәкеңнің мінсіз орындағандығын атап өтіп, мерейтой иесіне игі тілегін арнады. Халқымыздың дәстүріне сай, арда азаматтың иығына шапан жапты.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button