Бас тақырып

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?

Биыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі аптаның сенбісіне тура түсіп тұр, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: aikyn.kz сайтынан

Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке сенбі не жексенбіге келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Демек аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері, ал, алты күн жұмыс істейтіндер 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.

Желтоқсан айының соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31-іне сәйкес келеді. 2024 жылғы жаңа жыл мерекесіне орай 1, 2 қаңтар күндері демалыс күні болып белгіленген. Демек аптасына бес жұмыс күн істейтін қазақстандықтар 30, 31 желтоқсан мен 1, 2 қаңтар, яғни, қатарынан төрт күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үш күн демалады.

Еске салсақ, бұған дейін 1 желтоқсанда – Тұңғыш Президент күні тойланатын. Алайда былтырдан бастап бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button