Қазақстанда тағы үш адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда тағы үш адамнан коронавирус анықталды. Олардың бірі — 2 жастағы қыз. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады.
«Қазақстандағы 2020 жылдың 17 наурызындағы 09.00-дегі эпидемиологиялық жағдай туралы. Алматыда тағы үш адам коронавирус инфекциясын жұқтырды», — делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 13-ке жетті. Алматыда — 11, Нұр-Сұлтанда — 2 пациент тіркелген.