Бас тақырып
Қазақстанда ұстаздардың 81,9%-ы әйелдер
8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласындағы әйелдер туралы статистика жариялады. Ведомство мәліметінше, Қазақстанның білім беру саласында 492 938 педагог-әйел жұмыс істейді.

101 789 — мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
342 352 — орта білім беру ұйымдарында;
2 382 — түзету-білім беру ұйымдарында;
13 239 — қосымша білім беру ұйымдарында;
29 117 — техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
4 059 — арнайы білім беру ұйымдарында.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



