АймақБас тақырып

Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды

Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жалпы елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді. Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.

Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.

Қазақстанда Отбасы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Сурет Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық #Otbasym2026 челленджі өтеді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Фотоға түсініктеме: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button