Жаңалықтар
Қазақстанда ашық қоғам қалыптасқанын көріп отырмыз – Аида Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі референдумда өз таңдауын жасады. Аида Балаева Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан 164-референдум учаскесінде дауыс берді.
– Бүкіл ақпараттық науқанды өте белсенді деп сипаттаймын, өйткені АЭС-ті жақтаушылар да, қарсыластар да бұл мәселеге барынша қызығушылық танытып, өз ұстанымдарын белсенді түрде түсіндіріп, дәлелдеді. Барлық шара ашық түрде өтіп жатыр, және біз Қазақстанда әркім өз пікірін, көзқарасын білдіре алатын ашық қоғамның қалыптасқанын көріп отырмыз. Бүгінгі референдум Мемлекет басшысы енгізген реформалардың нәтижесінде елімізде болып жатқан үлкен өзгерістердің айқын көрінісі,-деді министр.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА