«Қазақстан» шахтасында екінші жұмысшының денесі табылды

Қарағандыдағы «Қазақстан» шахтасында тағы бір жұмысшының денесі табылды.

Сурет: Ашық дереккөз

–  Шахтада авариялық-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша 4 бөлімше жұмыс істеуде, олар авариялық өндірістен температураны түсірумен айналысып жатыр. Қалған жұмысшыларды іздеп-табу үшін тағы 3 бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған. Жұмысшыларымызды жедел іздеп-табуға барлық шара қабылданып жатыр, – деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.