«Қазақстан» шахтасын қасақана өртеу нұсқасына полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде «Қазақстан» шахтасындағы өрт қасақана болуы мүмкін деген ақпарат тарап жүр.

Полиция тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер атап өткендей, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, өрттің шығу себебін анықтайтын тиісті сараптамалар тағайындалды.

– Облыс тұрғындарын ықтимал қауесеттер мен арандатушылықтарға берілмеуді, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі бар, – делінген хабарламада.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.