Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАН – Ұлы дала елі» сандық қосымшасын жүктеп алыңыз

   

87-қадам.

Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастыры­латын болады. Соның бірі – «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ – ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.

 

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыстар қолға алынған. «Қазақстан – Ұлы Дала елі» сандық қосымшасының пайдалануға берілуі – сөзімізге дәлел.

Қосымшаны кішігірім энциклопедия деуге болады. Онда Қазақстанның гео­графиясы, тарихы, мәдениеті, экономикасы, туризмі және халықаралық қатынастары сияқты кең ауқымды тақырыптар қамтылған. Астана шаһары және «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі туралы деректер де топтастырылған.

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бей­­неклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографикалар мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпараттар қосымшаның мазмұнын аша түседі. Әрбір дерек қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Ұлт жоспарының 87-қадамында көр­­сетілгендей, бұл қосымша – Қазақ­станға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін тиімді құрал. Сондай-ақ, туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін де өзіне қажетті ақпарат алуда қосымшаның септігі мол.

Сандық өнімді ұялы телефонға немесе компьютерге, ноутбук және планшетке де жүктеп алуға болады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button