Жаңалықтар

Қазақша оқы, latynsha jaz

Биыл 29 мамырда облыстың полиция департаментінде ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының ұйымдастыруымен «Латын қарпінде жазып дағдылану» тақырыбында тренинг өткізілді.

Президент Жарлығына және Премьер-Министрдің, Ішкі істер министрлігінің «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» негізінде облыстың полиция департаментінде латын қарпіне көшу бойынша жоспар бекітіліп, ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.

Өткен жылы облыстың полиция департаментінің аумақтық бөліністерінде 500-ден астам полиция қызметкері латын графикасы негізіндегі жаңа әліпби бойынша диктант жазып, қараша айында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Аймақтағы полиция бөліністерінің қызметкерлері қатысқан бұл тренингке облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының әдіскері Әсия Смыкова шақырылды. Сөйтіп, шара барысында Қазақстанның тіл саясатын жүзеге асыру, латын негізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру міндеттерін жан-жақты түсіндіріп, латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу мақсатында практикалық жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының латын қарпіндегі жаңашылдықтарды үйреніп, оқуды жандандыру туралы бастамаларын басқарма басшысы Жанатай Сембеков жеткізді. Мемлекеттік тіл мәртебесенің мекемедегі айшықты орыны мен қолданыс аясының кеңуі де тілге тиек етіліп, аталған бөлініс инспекторларының атқарған жұмыстарына оң баға берілді.

Облыстың полиция департаментінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button