Руханият

Қазақ сахнасының саңлағы

Қазақ киносындағы бірегей туынды «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның анасы қазақ көрерменіне жақсы таныс. Жайсаң мінез жалғызбасты ана ролін Қазақстанның халық артисі Бикен Римова сомдаған еді. Кино және театр өнері саңлағының 100 жылдығына орай Н.Гоголь атындағы облыстық кітапханада библиографиялық жадынама көрсетілді.

Қазақтың талай ару қызы мен абзал анасының бейнесін айнытпай сомдаған талантты актер, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Бикен Римова туралы деректерді енді кітапхана сайтынан қарап, табуға болады. Сайтта актрисаның творчестволық жолы және театр мен қазақ киносының даму тарихы да қамтылған.

Бұдан бөлек, «Қазақ сахнасының саңлағы» атты библиографиялық жадынамада актриса туралы тарихи танымдық анықтамалар мен әдеби еңбектер, мерзімді басылым беттеріндегі деректі мақалалар пайдаланылды. Аталған библиографиялық жадынама өнерсүйер қауымға, өнертанушы жастарға, сондай-ақ, көпшілік оқырманға арналған.

Жан АМАНТАЙ

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button