Қазақ құрамасы – бірінші

    Көкпардан қазақтарға тең келер жан жоқ. «ЭКСПО – 2017» көрмесі шеңберінде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады.

Додаға әлемнің 11 елінен 200 спортшы қатысты. Түркия, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей, Мажарстан, Қытай, Ауғанстан және Қазақстан мықтылары күш сынасты.

Жүлде қоры – 18 млн. теңгені құрады. І орынға – 10 млн. теңге, ІІ орынға – 5 млн. теңге, ІІІ орынға – 3 млн. теңге тігілді.

Турнирдің ақтық сынында Қазақстан – Қырғызстан құрамалары кездесті. Ойын қазақтар пайдасына шешілді. Есеп – 4:1.

ІІІ орынды Қытай – Тәжікстан құрамалары сарапқа салды. Нәтижесінде, тәжіктер 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.