Спорт

Қазақ намысын қорғайтын Қарағандылықтар

    9-25 ақпан аралығында корей түбегінде ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Пхенчхан қаласындағы жаһандық додада қазақ намысын қорғайтын қарағандылықтар есімі анықталды. Бұлар – конькишілер – Екатерина АЙДОВА, Станислав ПАЛКИН, Артем КРИКУНОВ және шаңғышы Сергей МАЛЫШЕВ. Сондай-ақ, шаңғышы қыз Анна СТОЯННЫҢ да баруы мүмкін. Бүгін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы деректері негізінде аталған спортшылармен жақынырақ таныстыруды жөн көрдік…

Екатерина АЙДОВА

1991 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Екатерина – жастар арасындағы әлем кубогінің екі дүркін жеңімпазы (2008-2009 жж.), жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011 ж.), Азия чемпионы (2012 ж.), Алматы қаласындағы  XXVIII Қысқы Универсиаданың екі мәрте қола жүлдегері. 2010 жылғы Ванкувер (Канада) және 2014 жылғы Сочи (Ресей) Олимпиадаларына қатысты.

Сергей МАЛЫШЕВ

1994 жылы Риддер қаласында (ШҚО) дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2012 жылғы Жастар Олимпиада ойындарында – ІІІ орын, 2013 жылғы Қысқы Универсиадада – І орын, түрлі қашықтықтар бойынша 2016 жылғы ел чемпионатында – ІІ-ІІІ орындарды, 2017 жылғы Қысқы Универсиадада – ІІ-ІІІ орындарды иеленген. Румыния, Чехия, Франция, Жапонияда өткен жарыстарда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген.

Артем КРИКУНОВ

1996 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. 2014 жылғы жастар арасындағы әлем кубогінде – І орын (500 метр), VІ ҚР Қысқы Универсиадасында – ІІ орын иеленді. Сонымен қатар, 2015-2017 жылдары Польша, Германия, Қытай, Жапония мемлекеттерінде өткен халықаралық додаларда бірнеше мәрте үздік ондық қатарына енді.

Станислав ПАЛКИН

1996 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. ҚР І Жастар ойындарының жеңімпазы (2011 ж.). 2014-2015 жылдары Белоруссия және Италияда өткен жастар арасындағы әлем кубоктарының, Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 500-1000 метр қашықтықтарда І, ІІ, ІІІ орындарды еншілеген.

Сондай-ақ, Станислав қытай, жапон жерлеріндегі жаһандық жарыстарда алдыңғы лектен көрінді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button