Руханият

Қазақ күнтізбесі жарыққа шықты

Н.Гоголь атындағы облыстық кітапханада «Qazaq club» бастамасымен 2023 жылға арналған Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсауы кесілді. Бұл жоба 2019 жылы «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен таныстырылды.

Шараның мақсаты – «Қазақ күнтізбесі» жобасы арқылы ұлт құндылықтарын сақтау және насихаттау.

– Күнтізбедегі атаулы күндер тарихи тұлғалар мен ұлттық тарихымыз үшін  құнды даталармен етене байланысып жатыр. Жалпы алғанда ұлт құндылықтарын сақтау, насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі барлығы 32 атаулы күннен тұрады. Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің 14 атаулы күні белгілі тарихи тұлғалардың туған күндері мен олар қатысқан тарихи даталармен сабақтастырылып белгіленген, – дейді күнтізбе авторы Нұржан Сұршаұлы.

Сондай-ақ күнтізбеде 6 тарихи оқиға көрініс тапқан, 18 ұлттық құндылық насихатталады. Бұдан бөлек, Қазақ халқы күні бар. Қазақтың дәстүрлі 3 мерекесі – Көрісу күні, Амал мерекесі, Әз Наурыз, Қымызмұрындық және 6 салты – Селт еткізер, Кестелі орамал, шаңырақ көтеру, Асар, бата беру, елдік мәселелер айтылған құрылтай насихатталады.

– Сонымен қатар күнтізбеде барша қазақ халқы үшін қасиетті құндылық, мемлекеттік мереке болып табылатын 16 желтосақ – Тәуелсіздік мерекесі көрініс тапқан. Күнтізбе халқымыздың рухани мұрасын жаңғыртуға бағытталған тамаша мүмкіндік болып табылады. Ол жас ұрпаққа тәрбие беру жұмыстарында, ұлт қазынасын тұрақты түрде насихаттауға және ұлттық насихатты жүргізуді мақсат тұтатын идеологиялық шараларды ұйымдастыруда  таптырмас құрал болып табылады. Күнтізбенің басты ерекшелігі оның  ұлттық тарих пен салт-дәстүрмен терең үндесіп жатқанында, – деді Нұржан Сұршаұлы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button