Руханият

Қазақ эстрадасы: дамудың даңғыл жолы

Байырғы бaбaлaр жoлын сaрaлaп көрсeңіз, дені aқын, жырaу, әнші, сeрі бoлғaн. Қазaқ хaлқының көшпeнді өмірінің сурeттeрі сол жырaулaрдың жырындa, әншілeрдің әуeнімeн әндeріндe әуeздeліп жүргeн. Сoлaр aрқылы ұрпaқтaн-ұрпaққa жeткeн. Қазақ эстрадасы өзіндік бітім-болмысын тауып, адам баласының мәдени тарихына қомақты үлес қосып, рухани құндылықтың алтын қорын жасады. XIX ғасырдың басында түп тамыры алғаш көктеп, бәйшешек атқан эстрада өнері өзінің даму үдерісінде сан алуан ағымдар мен иірімдерде ұршықша иіріліп, гүлденіп жайнаудың қазіргі, жаңа дәуіріне жетті.

Бүгіндe қaрыштaп қарқынды дaмығaн зaмaнның aрқaсындa өнeрдің дe өз жeтістігі жетегінен aлғa oзды. Oның бірі oсы эстрaдa жaнры. Эстрaдa өнeрі. Бүгінгі қазақ эстрадасы дамып келеді. Оған еш сөз де күмән да жоқ. Кешегі «Славян базарын» қос қолдап мойындатқан Димаш Құдайбергеннің орны бір төбе. Данила Төлешова, Рухия Байдүкенова, Ержан Максим сынды жастардың өзі қазақ эстрадасына жаңа серпіліс әкеп, қазақ ән өнерін әлемге жарқ еткізді. 

Жалпы қазақ ән өнері вокалдық тұрғыдан екіге бөлінсе керек. Оның бірі фольклорлық бағытта болса, екіншісі қазіргі заманауи сарынды әншілер бағыты. Фольклорлық бағыттағы әншілер қатарына дәстүрлі әншілерден бастап Мейрамбек Беспаев, Тоқтар Серіков, Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов сынды қазақы қоңыр үнді әншілерді жатқызсақ. Заманауи шет ел бағытында ән шырқап, дүйім жұртқа танылған Жанар Дұғалова, Мөлдір Әуелбекова секілді тағы біршама әншілерді атауға болады. Қос жанрдың да бүгінгі таңда тыңдаушылары бар. Және олар саусақпен санардай аз да емес. Мысалы фольклорлық жанр әншілерін заман өтсе де тыңдай береміз. Өйткені, олардың әншілік өнердегі алатын орны мен салған жолы бар. Және ескі һәм есті әндер әр кезеңде тыңдаушысын қайтсе табады. Сол сынды заманауи әншілердің де бүгінгі күні қатары да, тыңдаушысы да артуда. Олардың ерекшелігі бір дауысты әнші бола тұра шырқаған әнін құбылта салуында. Мәселен, милизмалары мен дауыс ырғағының құбылыстары, бұл – кез келген әншіге бұйырмайтын бақ.

Ондай әнші тәрбиелеу де заман талабына сай білікті маманның арқасы. Дәл осы тұста оқушы мен оқытушы арасында алтын көпір көрініс тапқан сәт. Расында үкілеп үміт артқан жас таланттар үмітті ақтап қатысқан байқауында бас жүлде алып жатса бұл абырой емей немене?!

Десек те, қазіргі заманауи жастарға сахналық мәдениетті әлі де болса үйренген артық болмас. 

 Вокалдық сабаққа келген әрбір оқушының қабілеті мен дарынын көре білуден бастап, музыкалық талғамы мен танымы қалыптасқан оқушы болуына жол ашу басты ереженің бірі. Ел арасында айтылып жүретін 1 пайыз талант, 99 пайыз еңбек керек деген қағида осы тұсқа тұспалданса керек. Әрбір оқушының тыныс алу жолдарын, дыбысты дұрыс айту, сахналық мәдениеті, кез-келген ән тыңғылықты дайындық пен үлкен жауапкершілікті талап ететінін түсіндіру және соған жұмыс жасауды үйрету бұл тәлім берушінің басты қағидаты. Қазақ эстрадасы дамып келеді. Алайда, әлемдік додаларға даусыз түсу үшін әлі де қабылет пен таланттарды ұштай түскен абзал. 

Зағыпран ЖОТАЙ, 

«Руханият» қосымша білім беру орталығының

эстрадалық вокал мұғалімі.

Басқа материалдар

Back to top button