Жаңалықтар
ТЖМ тікұшағы санитарлық рейс орындады
@emergovkz ұшақ экипажы әуе кемесі арқылы санитарлық авиация шеңберінде “Жезқазған –Қаражал” – “Қарағанды” – “Жезқазған” бағыты бойынша рейс орындады. Бортта 1983 жылы туылған науқас болды. Тасымалдаудың барлық кезеңі медициналық сүйемелдеумен науқастың жағдайы бақылауда ұсталды.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам аман-есен қажетті жерге жеткізілді. «Қазавиақұтқару» тікұшақтары санитарлық авиация міндеттерін орындауға әрдайым дайын және елдің ең қолжетімсіз аймақтарында да адам өмірін сақтап қалуда.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



