АймақБас тақырып
Қарағандыда мотопатрульдер қызметке кірісті
Қарағанды қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында полицияның мотопатрульдері қызметке кірісті. Жаңа бастама мотокөлік жүргізушілері арасындағы тәртіпті күшейтеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, мотопатрульдер қала көшелерінен бөлек, автокөлік жете бермейтін саяжайлар мен тар көшелерде де жұмыс істейді.
Бұл жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Соңғы демалыс күндері облыста мотокөлік жүргізушілері тарапынан 38 құқықбұзушылық тіркеліп, оның ішінде 7 адам мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 30-ға жуық мотокөлік айыптұраққа қойылды.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz




