Жаңалықтар

Аяздан абайлаңыздар!

    Синоптиктердің болжамы Арқаға айнымай келді. Жексенбіден бастап, аяз ақырып тұр. «Қазақавтожол» ЖШС ауа райының бұзылуына байланысты (қатты аяз) жүк және қоғамдық автокөлік қозғалысын шектеу туралы мәлімдеме таратты.

Оның ішінде «Теміртау қаласы – Ақмола облысы шекарасы» 1051-1127 шақырым қашықтықта жолдар жабылды. Қарағандыда саршұнақ аяз салдарынан 1-4 сынып оқушыларына сабақ болған жоқ. Алдағы күнде бұдан әрі ызғарланса 1-11 сыныптарда сабақ тоқтатылады. Бұл жөнінде  облыстық төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.

– Ауа райының қауіпті және стихиялық құбылыстары туралы ескерту жасаймыз. «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметтері бойынша 22-26 қаңтарда Қарағанды облысы аумағының басым бөлігінде түнде 35-40° градус қатты аяз күтіледі. Кей жерлерде 45° градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Сақ болыңыздар, ауа райының өзгерістерін байқап отырыңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Ауа райының өзгеруіне сәйкес киіну керек. Алыс жерлерге жолға шықпаңыздар, әсіресе, түнгі уақытта жолға шығу – қауіпті. Өйткені, синоптиктердің болжамынша, үскірік аяз аймақта әлі бірнеше күн сақталады,– дейді облыстық төтенше жағдайлар басқармасы өкілдері.

Облыстағы төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайдың алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады.

Сақ болайық, ағайын!

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button