Жаңалықтар

Ауыр дертке дауа бар

    Бүгінде облыстағы әрбір оныншы адамның жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққандығы анықталып отыр. Статистикадағы мәліметке сүйенсек, аймақта жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққандар саны 120 мыңға жеткен.

Кардиохирургия орталығының директоры Арыстан Мағзұмовтың айтуынша, еліміздегі ең ірі әрі заманауи қондырғылармен жабдықталған кардиология орталығының бірі осы Қарағанды шаһарында орналасқан. Десек те, соңғы жылдары жүрек-қан тамырлары ауруы көбейіп барады. Бұл дертпен ауыратын адамдардың басым көпшілігі 40 жастан асқандар. Бір ескерері, өңірімізде 75-тен асқан 60 мыңға жуық тұрғын бар. Сондықтан, облыста жүрек ауруы жиі тіркеледі екен.

– Біздің дәрігерлер қазір ең күрделі операциялардың өзін жасай алады. Мәселен, дертін әбден асқындырып алған науқастарға бұрын көмек көрсете алмайтын едік. Қазір жаңа технологияның арқасында ауруынан айықтырып, аяққа тұрғызып жатырмыз,– дейді А.Мағзұмов.

 

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button