Жаңалықтар

Қауымдастықта жаңа төраға

   Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысы футбол қауымдастығына төраға болды. Бұл шешім дүйсенбі күні өткен футбол қауымдастығының кезекті конференциясында қабылданды.

Ұйым мүшелері аймақ басшысын облыстық футбол қауымдастығының төрағасы етіп таңдау туралы шешімге келулерін Ерлан Қошанов облысымызда спортты дамытуға баса назар аударады, атап айтқанда, футболдың өркендеуіне ықпал етеді деп түсіндірді. Ерлан Қошановты тағайындау туралы шешім бірауыздан қабылданды.

2018 жылы аймақта футбол жарыстарын жиі өткізу жоспарланған. Мысалға, алдағы уақытта ардагерлер арасында республикалық біріншілік өтеді. Жалпы алғанда, жоспарларымыз көп және оларды іске асыру керек. Осы орайда бір мәселені айта кеткен жөн. Шағын қалаларда, аудан орталықтарында стадиондар бар. Штаттық жаттықтырушылар да қарастырылған. Бірақ, командалар жоқ. Олар облыстық біріншіліктерге қатыспайды. Осы мәселе өз шешімін табады деп үміттенеміз, – дейді Қарағанды облысы футбол қауымдастығының атқарушы директоры Николай Бублинский.

Аймақ басшысы конференцияға қатыса алмады. Сол себепті, оның атынан жаңа міндеттерге кірісуге келісімді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рустам Қожабеков берді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button