Бас тақырыпОблыс әкімі
Жеңіс Қасымбек: “Ауылдардың ахуалы жақсарады”
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК халық алдындағы есеп беру кездесуінде аймақта шаруаларға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілетінін және аграрлық салада қандай жобалар жүзеге асатынын айтты.

- Аймақта агро-өнеркәсіптік кешенге салынған инвестициялардың есебінен 31 жоба жүзеге асырылуда. Бұл қосымша 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Өткен жылғы қолайсыз ауа-райына қарамастан, шаруалар жақсы өнім жинай алды. Мал шаруашылығы да айтарлықтай дамып келеді. Былтыр Иран, Қытай және Өзбекстан елдеріне 1386 тонна ет экспортталды, – деді аймақ басшысы.
Ендігі таңда ауылдарды дамыту және тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасау мәселесі тұр. Аймақ басшысының мәлімдеуінше, биыл аудандарда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 7 ауданда жалпы сомасы 3,9 млрд.теңгенің жобасы жүзеге асуда. Сондай-ақ, алдағы екі жылда аймақтағы 90% ауыл интернетпен қамтылмақ.