Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығына – ауқымды демеу

Президент Нұрсұлтан Назарбаев кешегі Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытудың жолдарын тарқатып айтты. Аграрлық ғылымды, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау ісі заманауи талаптарға сай болуы қажет. Осыны алға тартқан Мемлекет басшысы аграрлық университеттерге қаратып: «Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс.

Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу талап етіледі», – деді.

Сондай-ақ, Президент тапсырмасына орай, мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын табуы тиіс. Бұл ретте өнімнің сапасына, экологиялық тазалығына жіті мән беріледі. Еңбек өнімділігі, жерді тиімді пайдалануды қадағалау, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мәселесі де күн тәртібінен түспейді.  Ауыл шаруашылығы мамандарына, шаруа қожалықтарына ауқымды демеу болар Жолдауды біз де қолдаймыз!

Сейітжаппар НЫҒМЕТОВ,

«Қайнар» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button