Қарқаралы
Ауыл көші түзеледі
Қарқаралы ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауқымды жұмыс атқарылады. Ауылды дамыту, халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоба алдағы жылдары жемісін береді деп күтілуде.
Бағдарлама аясындағы 6 жобаға 553,5 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Оның ішінде, шамамен 436 млн. теңге – республикалық, 75 млн. теңге – облыстық, 42,4 млн. теңге аудандық бюджеттен қарастырылған.
Жоба шеңберінде Қарағайлы кентіндегі №16 орта мектеп, Көктас ауылындағы №4 орта мектеп және Егіндібұлақ селосындағы Мәдениет үйі жөнделіп, Көктас, Бүркітті ауылдары мен Қарағайлы кентіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.
Сағыныш ӘБІЛ